2022 жылдың 4 наурыз күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анаға арнау» атты концерті өтті. Бағдарлама барысында ақ жаулықты аналарға, сұлу да сымбатты қыз-келіншектерге арналып орындалған әсем әндер мен кербез күйлер көрермендер көңілінен шығып, кеш өте жоғары деңгейде өтті.