Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Бүгінде Жетісу өңірінің ауылшаруашылығы саласында 400 мыңға жуық адам еңбек етіп, облыс дамуына зор үлес қосып келеді.
Жыл бойы аграрлық салада жемісті еңбек еткен ұжымдарға наградалар және сый-сияпаттар берілді.
Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі» байқауында аудандар арасында Еңбекшіқазақ ауданы, округтер арасында Панфилов ауданы, Айдарлы ауылдық округі үздік деп танылды.
Осы аталым бойынша Балқаш, Талғар, Қарасай, Кеген, Райымбек, Ескелді, Кербұлақ аудандарының да еңбегі еленді.
Сол сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының жеңімпаздары ретінде «Үштөбе Айдын» ЖШС, «Макария» ЖШС және «Almaty tannery» ЖШС-лары танылды. Аталған жеңімпаздардың барлығына ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Ал «Үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері» номинациясында Іле ауданындағы «Дәулет Бекет» ЖСШ мен Ескелді ауданындағы «Нам» шаруа қожалығы оқ бойы озық шығып, оларға «МТЗ-82.1» тракторы берілді.
Осы қатарда алакөлдік «Алакөл Агро» серіктестігі, Кеген ауданынан «Ринат» шаруа қожалығы, Сарқан ауданынан «СайранбекАгро» ЖШС, Көксу ауданынан «ҚайнарКөксу» ШҚ биік межеден көрініп, еңбектері еленді.
Сол сияқты бірқатар азаматтарға Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Толығырақ: https://www.gov.kz/.../zhetysu/press/news/details/305291...
https://dk-zhansugurova.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/222-almaty-oblysy-auyl-sharuashyly-y-e-bekkerlerini-k-ni.html#sigFreeIdc0c03bb463








