Жаңалықтар
2019 жылдың 11- қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы Мәденеит сарайында "Қазақстан фермерлер Одағы" қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының ІІІ - конференциясы өтті.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы - Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 107 жыл толуына орай 14 қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының ұжымы ішінде ұлы тұлғаның туылған күніне арналған еске алу шарасы өтті. Бұл күн бүгінде мелекеттік деңгейде атаулы күндердің бірі ретінде саналып отыр. Ол көзі тірісінде ерен еңбегінің арқасында халық көсеміне айналып үлгерді. Күллі қауымның «Димаш аға» деп еркелетіп атауынан-ақ оған деген зор ықыластың бар екенін, көпшіліктің Димаш атамызға арқа сүйегенін аңғаруға болады. Аты аңызға айналған тұлға Дінмұхаммед Қонаев өмірден өтсе де оның еңбектері бүгінде халық игіліне қызмет етіп отыр. Қазақстан тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Дінмұхаммед Ахметұлы қазақ елінің дамып, көркеюіне сүбелі үлес қосып, халық есінде кемеңгер тұлға ретінде мәңгілікке сақталды. Бүгін Дінмұхамед Қонаев атамызға арналған шарада Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Ғұмаров Әділжан Нүсіпжанұлы өмірбаянынан шолу етті.
8 - қаңтар күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының 2018 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды есебінің жиыны өтті. Жиында атқарылған шаралар легі айтылып, 2019 жылы жасалатын жұмыс жоспары талқыланды.
18 желтоқсан күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Елбасы жолы. Астана» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмді көруге облыс әкімі Амандық Баталов, қаланың ақсақалдары мен тұрғындары келіп, үлкен қызығушылықпен тамашалады.
2018 жылдың 16 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Мәденеит сарайында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әнші, Халықаралық байқаулардың лауреаты Әсем Сембинаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әсем әуен әлемінде» атты шығармашылық кеші өтті.
Бүгін 7 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ұлттық валюта – Теңгенің енгізілген күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кешке ҚР Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының ұжымы, Ұлттық банк зейнеткерлері – ұлттық валютаны енгізуге тікелей қатысқан ардақты ардагерлеріміз, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер мен Қазпошта акционерлік қоғамның басшылары, озат қызметкерлері және банк клиенттері қатысып отыр.










